Саясат

ҚР әскерилері 2018 жылы біріккен оқу-жатығуларда түрік әріптестерімен тәжірибе алмасады

© Photo : Министерство обороны Республики КазахстанҚазақстандық әскерилер
Қазақстандық әскерилер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан және Түркия әскери қызметкерлерінің біріккен оқу-жаттығулары Түркияда мемлекеттік төңкеріс жасауға талпыныстың салдарынан кейінге қалдырылды

АСТАНА, 25 қаң — Sputnik. Қазақстандық әскери қызметкерлер 2018 жылы Түркия аумағында өтетін оқу-жаттығуларға қатысады деп хабарлады ҚР қорғаныс вице-министрі Талғат Мұхтаров.

Қазақстандық әскерилер террористтерге қарсы іс-қимылға жаттығуда - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстандық әскерилер террористтерге қарсы іс-қимылға жаттығуда

"Түркиямен әскери және әскери-техникалық серіктестік белсенді түрде жүргізілуде деп айта аламын. Жыл сайын бізде "Алтын Үкі" атты жарыс өтеді, бұл снайперлік және барлау бөлімшелері, сонымен бірге "Қабылан жолы" да бар. Түркиядағы аухалдың салдарынан Түркия аумағындағы оқу-жаттығулар 2018 жылға шегерілді", — деді Мұхтаров сәрсенбі күні мәжілістің жалпы отырысында.

Вице-министрдің берген мәліметі бойынша, Қазақстанның түрік тарапымен бірлескен кәсіпорындары көп, мәселен оптикалық құралдар шығаратын кәсіпорын. 

Жаңалықтар
0