Қоғам

Қазақстандық әскерилер террористтерге қарсы іс-қимылға жаттығуда

© Photo : пресс-служба министерства обороны РКҚазақстандық әскерилер террористтерге қарсы іс-қимылға жаттығуда
Қазақстандық әскерилер террористтерге қарсы іс-қимылға жаттығуда - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ҚР Қарулы Күштерінде әскерлерді бір жерден екінші жерге ауыстыра отырып, командалық-штабтық оқу-жаттығу өтуде

АСТАНА, 18 қаң – Sputnik. ҚР Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақовтың бұйрығы бойынша Қазақстанның Құрлық әскерлерінде бір уақытта бірнеше полигонда еліміздің шығысы, батысы мен оңтүстігінде өңірлік қолбасшылықтар мен әскер тектерінің құрамалары және әскери бөлімдерімен командалық-штабтық оқу-жаттығу өтуде деп хабарлады ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. 

Оқу-жаттығу жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру, жұмылдыру іс-шараларын орындау, жауынгерлік арналым аудандарына марш жасау, сондай-ақ, дағдарыстық ахуалды таратпау кезінде әскерлердің іс-қимылдары мәселелерін пысықтауға бағытталған. 

"Ниетке сәйкес дағдарыс ахуалының қарулы шиеленіске ұласуымен туындауының себебі халықаралық лаңкестік және ұлттық-сепаратистік ұйымдарының қызмет ауқымының кеңеюі болып табылады", — делінген хабарламада.

Командалық-штабтық оқу-жаттығудың оқу-жауынгерлік тапсырмаларын пысықтау кезінде барлау, мақсат көрсету, оқу-жаттығудың өткізілу аудандарынан фото және бейнеақпаратты шынайы уақыт режімінде командалық пункттерге шығару бойынша ұшқышсыз ұшу аппараттары қолданылатынын айта кеткен жөн. Соның ішінде, тапсырмаларды пысықтау таңсық жерде өтеді. Әскерлерді алмастыру құрамдастырылған тәсілмен жүзеге асырылады. Командалық-штабтық оқу-жаттығуға барлығы 1 500-ден аса жеке құрам және 200-ден астам бірлік әскери техника тартылды. 

Қазақстан полициясы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Алматыда терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өтіп жатыр

Оқу-жаттығу тапсырмаларын іске асыру барысында "Астана" өңірлік қолбасшылығында өңірлік қолбасшылық әскерлерін, аумақтық қорғаныс бригадасының басқармасы мен әскери басқару органдарын жауынгерлік әзірлікке келтіру мәселелері пысықталуда. Оқу сұрақтары жұмылдыра өрістету барысында бірінші кезектегі іс-шаралардың орындалуын, өңірлік қолбасшылықтың жауапкершілік аймағы шегіндегі аумақтық қорғаныстың жоспарлануының ұйымдастырылуын қамтиды. 

Дәл осы уақытта шығыс бағытында оқу сұрақтарын 30217 әскери бөлімі барлау бөлімшелерінің жеке құрамы пысықтауда. Әскери қызметшілер "Шығыс" оқу-жаттығу полигонының ауданына қарай 60 шақырымдай қашықтыққа шаңғымен жүріп өтті. Аталмыш бағытта дағдарыс ахуалын таратпауға 63310 әскери бөлімі де тартылды. Оның ішінде, оқу-жаттығу полигонына шығу жүзеге асырылды, артиллерияның жауынгерлік оқ атуына қызмет көрсете отырып, тапсырмаларды орындауға әзірлік тексерілді.

Басқару органдары мен бөлімшелерді тексеру мақсатында батыс бағытында командалық-штабтық оқу-жаттығу барысында 30238 әскери бөлімімен әрі қарай "Бейнеу" полигонына шыға отырып және тапсырмаларды пысықтай отырып, мотоатқыш батальонын көп нысаналы жеңіл броньдалған тартқышқа және артиллериялық батареяға теміржол көлігімен тасымалдау жүзеге асырылады. 

Еліміздің оңтүстігінде командалық-штабтық оқу-жаттығу шеңберінде 12740 әскери бөлімінің шабуылдау және барлау батальондары Қапшағай қаласының ауданындағы полигонға шығарылды. Бұл жерде оларды қажетті жеке құраммен, қару-жарақпен және әскери техникамен толық жасақтау, сондай-ақ, бөлімшелердің үйлесуі аяқталады. 

Жаңалықтар
0