АСТАНА, 7 жел – Sputnik. 7 желтоқсан күні Универсиада-2017 нысандарында Алматылық лаңкестікке қарсы терроризммен күрес қалалық штабы "Оңтүстік-Антитеррор2016" шартты атаумен терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өткізіп жатыр, деп хабарлады Алматы ІІД баспасөз қызметінде.
Жаттығулардың мақсаты — террористік әрекеттер тұрғысынан алғанда әлсіз болып табылатын нысандарға қауіп туындаған жағдайда бірлескен қимыл әрекеттерін пысықтау болып табылады. Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарына елді дүрліктірмей, жағдайға түсіністікпен қарау жөнінде өтініш білдірілді.
2017 жылы Алматыда 28 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтетін Дүниежүзілік қысқы универсиада есеп бойынша 28-ші болып табылады. Оған 50-ден астам елден 2 мыңнан аса спортшы қатысады деп жоспарланып отыр.