АСТАНА, 3 қар— Sputnik. Астанада халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесі аумағында антитеррорлық оқу-жаттығулар жүргізілуде деп хабарлайды Қазақстан терроризмге қарсы орталығы.
" Қазақстан Республикасы Антитеррор орталығы "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесі аумағында туындауы мүмкін төтенше жағдай және өзге де қауіп-қатерлерді жою бойынша жоспарланған оқу-жаттығу іс-шараларын өткізіп жатқаны туралы ақпараттандырады", — делінген Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті сайтында берілген хабарламада.
"ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесі Астана қаласында 2017 жылы 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтеді. Көрмеге 100 мемлекет қатысады деп жоспарланып отыр.