Өңірлер

Қазақстанның жеті өңірінде жолдар жабылды

© Sputnik / Меркурий Голоднов / Медиабанкке өтуЖолдар
Жолдар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астана қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында жолдар жабылды

АСТАНА, 25 қаң — Sputnik. Жел күшейіп, боран соғуына байланысты Қазақстанның бірқатар облыстарында жолдар жабылып, дабылды ескерту жасалды деп хабарлайды ҚР ІІД ТЖ жөніндегі комитет сайтында.

Жолдардың жабылуы туралы ақпарат

Ауа райы қолайсыздығына байланысты Астана қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында жолдар жабылды.

Астанада Астана-Көкшетау, Екатеринбург-Алматы (1280-1353 км, Астана – Қарағанды облысы шекарасы) республикалық маңыздағы а/ж автокөліктің барлық түрлеріне жабық.

Қар - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Сәрсенбі күні Қазақстанда ауа райы қарлы әрі желді болады

Ақмола облысында Астана-Петропавл а/ж (18-230 км. Астана қ. – Щучинск қ.), Жақсы-Есіл-Бұзұлық а/ж (0-82 км., Жақсы а. – Бұзұлық а.), а/ж Қостанай-Ауелікөл-Сурган (232-260 км.,  Қостанай обл. аумағы – Сурган а.), а/ж Жезқазған-Петропавл (377-595 км., Қостанай обл. аумағы —СҚО),)Екатеринбург-Алматы а/ж (856-1006 км.,  СҚО аумағы– Атбасар қ.), Екатеринбург-Алматы а/ж (1280-1353 км, Астана – Қарағанды облысы шекарасы) учаскесінде барлық автокөліктер түрлеріне қозғалыс тоқтатылды.

Ақтөбе облысында Ақтөбе-Астрахань а/ж (177-330 км. Шұбарқұдық а. – Атырау облысы аумағы), Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз а/ж (0-257 км., Қандыағаш – Шалқар), Самара-Шымкент а/ж (618-703 км., Маржанбұлақ а.-Қобда а.), Ақтөбе-Астрахань а/ж (11-135 км., Ақтөбе –Шұбарқұдық а.) Ақтөбе-Ор а/ж (17-176 км.,  Пригородный а. – РФ шекарасы), Қарабұтақ-Комсомол а/ж (0-231 км, Қарабұтақ а. — Қостанай облысы аумағы), Самара-Шымкент (753-965 км, Ақтөбе – Қарабұтақ а.), "Солтүстік айналма жол" учаскесінде барлық автокөліктер түрлеріне қозғалыс тоқтатылды.

Қарағанды облысында автокөлік учаскесінде барлық автокөліктер түрлеріне қозғалыс тоқтатылды: Жезқазған-Петропавл (136-246 км Ұлытау а. – Қостанай облысы аумағы).

мұз - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Дауылды ескерту: Алматы облысында су тасқындары болуы ықтимал

Қостанай облысында автокөлік учаскесінде барлық автокөліктер түрлеріне қозғалыс тоқтатылды: Қостанай-Әулиекол-Сурган (108-232шм.Әулиекол ауылынан- Ақмола облысының шекарасына дейін), Жезқазған-Петропавловск  (252-377 км. Қарағанды облысынын – Арқалық – Ақмола облысының шекарасына дейін), Қарабұтақ-Денисовка (231-387 км, Денисовка а. – Ақтөбе облысы аумағы), Жітіқара – РФ шекарасы (252-377 км).

Павлодар облысында Шакат-Восточное-Шалдай (0-121 км), Майқайың-Екібастұз (0-29 км) облыстық а/ж учаскесінде барлық автокөліктеріне қозғалыс тоқтатылды.

Солтүстік Қазақстан облысында облыстық маңыздағы автокөлік жолдарында келесі аудандардағы барлық бағыттар бойынша барлық көлік түрлері үшін қозғалыс тоқтатылды: Айыртау, Есіл, М. Жұмабаев, Қызылжар, Ғ. Мүсірепов, Тайынша, Тимирязев, Уәлиханов және Шал ақын.

Дабылды ескерту

Астана қаласында  24-25 қаңтарда тәулік бойы, түнде 26 қаңтарда кей уақытта бұрқасын күтіледі, оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с күшейеді.

25 қаңтарда Ақмола, Павлодар облыстарында оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші  15-20, кей жерлерде 25 күндіз екпіні  30 м/с күтіледі. Кей жерлерде бұрқасын болады.

Іле өзені дельтасы, Жиделі саласында Көктал ауылы маңында пайда болған мұз кептелісі әсерінен төмен орналасқан Жиделі тармағынан 1 км төмен ГБ және Жиделі сағадан 16 км төмен ГБ тұсында су деңгейінің көтерілуі жалғасуда.  Су деңгейі қауіпті белгіге жетті, Ақкөл, Аралтөбе ауылдарында (Алматы облысы) өзеннің арнасынан шығуы және су тасқыны күтіледі.

Жаңалықтар
0