АСТАНА, 25 қаң — Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде қар жауады деп күтіледі, батыс облыстарда жауын-шашын түседі деп хабарлады "Қазгидромет" метеоқызметі.
Ақмола, Павлодар облыстарында боран соғады деп күтіледі, желдің екпіні – 15-20 м/с, кей жерлерде 25 м/с, күндіз ұйытқуы – 30 м/с.
Алматы облысында – тұман, күндіз желдің екпіні – 15-20 м/с.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында – тұман, түнде желдің екпіні – 15-20 м/с.
Қызылорда облысында тұман түседі, көйтайғақ болады деп күтіледі, түнде желдің екпіні – 15-20 м/с.
Маңғыстау облысында – тұман, желдің екпіні – 17-22 м/с.
Атырау облысында – кей жерлерде тұман, көктайғақ, күндіз желдің екпіні – 15-20 м/с.
Ақтөбе, Батыс Қазақстан облысында синоптиктер боран, көктайғақ болады деп болжайды, Ақтөбе облысында – желдің екпіні – 15-20 м/с.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында – желдің екпіні – 15-20, кей жерлерде 25 м/с, кей жерлерде боран.
Қарағанды облысында – боран, желдің екпіні – 15-20, күндіз ұйытқуы – 25 м/с.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде боран, желдің екпіні – 17-22 м/с.