Саясат

Сирия бойынша мәлімдеме: үш жақты тетік құру ұйғарылды

© Photo : МИД КазахстанаҚазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдрахманов
Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдрахманов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның СІМ басшысы сириялық келіссөздер қорытындылары бойынша бірлескен мәлімдеменің мәтіні оқыды

АСТАНА, 24 қаң — Sputnik. Иран, Ресей және Түркия сирияаралық реттеу жөніндегі халықаралық кездесу бойынша бірлескен мәлімдеме қабылдады. 

Дүйсенбі күні Астанада Сириядағы ахуалды реттеу бойынша келіссөздер басталды. Ресей, Түркия және Иран бастамасымен ұйымдастырылған келіссөзде Башар Асадтың үкіметі мен қаруланған оппозиция алғаш рет бір үстел басында кездесті. 

Сирия - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Елорда үні: астаналықтар Сирия туралы не біледі

Мәлімдеме мәтінін сейсенбі күні кешке Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдрахманов оқыды. Мәлімдемеде, Иран, Ресей және Түркияның осы келіссөздерге БҰҰ-ның Сирия жөніндегі арнайы өкілі Стаффан де Мистуранын қатысуын бағалайтыны атап өтілген. 

"Бұл мәселенің әскери шешімі жоқ екеніне және оның тек саяси үдеріспен шешілуі мүмкіндігіне  сенімдіміз. Атысты тоқтату тәртібін және арандатушылықтың болмауын қадағалайтын үш жақты тетік құру туралы шешім қабылданды. Біз қарулы оппозицияның өзге бөлігінен ДАИШ пен "Ан-Нусраны" ажыратып, оған қарсы күрес мәселесіне қатысты нақтылығымызды растаймыз", — деп оқыды мәтінді Әбдірахманов.  


Жаңалықтар
0