Қоғам

Елорда үні: астаналықтар Сирия туралы не біледі

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуСирия
Сирия - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан елордасы тұрғындары Сирия туралы не біледі – Sputnik Қазақстан сауалнамасы

АСТАНА, 24 қаң — Sputnik.  Астанада өтіп жатқан келіссөздер кезінде Sputnik Қазақстан елорда тұрғындарынан Сирия туралы не білетінін сұрастырды.

"Сирия – ежелгі күшті араб мемлекеті, біздің әл-Фарабидің зираты сонда жатыр. Мұхаммед пайғамбардың немересі де сонда жерленген. Дамаскіде тарихи орындар өте көп, сәулеті де ерекше. Бұл елдің араб әлеміндегі орны айрықша. Сол себепті өзіміз де ислам діні кең тараған елде тұрып жатқандықтан, Сирияда бейбітшілік пен тұрақтылық орнауын тілегеніміз жөн", — деді 70 жастағы елорда тұрғыны Нұрсейіт.

Астанадағы сирияаралық келіссөздер - Sputnik Қазақстан
Бірге отырайық: Астанада Сирияда бейбітшілік орнатуға алғашқы қадам жасалды

"Ол жақта жағдай қиын. Сексизм, мұсылман мемлекеті, әйелдердің құқығы қорғалмаған", — деп алаңдайды 15 жасар Айжан.

"Әйтеуір, бір ел ғой. Мұсылман мемлекеті. Қазір соғыс болып жатыр ғой деймін. Азаматтық па, тіпті білмейді екенмін", — деп мойындайды 22 жастағы Гүлнара.

"Сириядағы балаларға жаным ашиды. Әйелдер мен балалар түсірілген бейнежазбалаларды көрсетіп жатады. Олардың шарасыз, қорғансыз күйін көргенде, әлемдік қауымдастықтың мінсіз емес екендігіне көзің жетеді. Әлемдік қауымдастық осы бір кішкентай елде бейбітшілік орнатып, балалар мен әйелдердің мұң-зарын тоқтатуға қауқарсыз болғаны ма?", — дейді 30 жастағы Айман.

"Білмеймін. Босқындар", — дейді 21 жастағы Арман.

"Сирия десе ойыма теракттер келеді. Ол ел туралы басқа ештеңе білмеймін", — деп мойындайды 20 жастағы Айжан.

"Сирия дегенде сол елде зардап шегіп жатқан балалар туралы ойлаймын", — дейді Гүлжанат.

Жаңалықтар
0