АСТАНА, 24 қаң — Sputnik. Насыбай деген атпен белгілі құрамында никотин бар үш центнер заттың заңсыз тасымалы Қазақстан-Өзбекстан шекарасында ұсталды деп хабарлайды Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі баспасөз қызметі.
Насыбай жолаушылар пойызы тамбурындағы төбе кеңістігінен табылған.
"Бейнеу шекара отрядының "Бейнеу т.ж." өткізу пункті жасағы "Кунгард-Бейнеу" бағытындағы пойызда тексеру кезінде салмағы 284 килограмм насыбай табылды", — деп хабарлайды ведомство.