Оқиға

Ақмола облысында овчарка полицейлерді есірткі сақталған үйге кіргізбеген

© ДВД Северо-Казахстанской областиГероин
Героин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тінту барысында ер адам өз еркімен полицейлерге есірткі салынған орамдарды берді

АСТАНА, 13 қаң — Sputnik. Ақмола облысы ауылының ерлі-зайыпты тұрғындарына қатысты есірткіні сақтап, билік өкілдеріне бағынбағыны үшін қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Героин - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Астанада есірткі сатушыларға көмектескен полицейлер қатаң жазаланды

Аршалы ауылына 10 қаңтарда полиция 60 жастағы жергілікті тұрғынның үйінде санкциялық тінту жүргізу үшін келді. Алайда үй иесінің 59 жастағы жұбайы тәртіп сақшыларын үйге кіргізбей, неміс овчаркасын айдап салған.

Соған қарамастан, құқық қорғаушылар үйді тінтіп шыққан және бұл оқиға салдарынан овчарка да, полицейлер де зардап шеккен жоқ. Күдіктінің үйінен 7,8913 грамм героин және 547,767 грамм марихуана табылды. Үй иесі бұл есірткілерді өз еркімен полицияға беріпті.

Полиция күдіктіні ұстап, изоляторға қамады. Оған қарсы ҚР ҚК 296 бабы 4 бөлігі бойынша сот алды тергеу ісі басталды.   

Жаңалықтар
0