АСТАНА, 13 қаң — Sputnik. Астана ішкі істер департаментінің есірткі бизнесімен күрес жөніндегі басқармасы бөлімінің бұрынғы бастығы мен оның қол астындағы қызметкерлер қылмыскерлерге қорғаушылық жасағандары үшін сотталды делінген қалалық сот хабарламасында.
Істің деректері бойынша, бөлім басшысы У. мен екі қызметкер К. және К. 2013 жылы ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, Астана аумағында есірткі өткізумен айналысатын "С" қылмыстық тобына қолдау көрсетіп, қорғаншылық жасап отырған.
ІІД басқармасының басшысына жаза ретінде 15 жарым жылға бас бостандығынан айыру және жеке мүлкін тәркілеу, сондай-ақ өмір бойына мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айыру үкімі шығарылды.
Оның қоластындағылар К. мен К. 15 жыл екі айға сотталып, қылмыстық жолмен тапқан мүлкі тәркіленді және мемлекеттік қызметке келу құқығынан өмір бойына айырылды.
Осы үкіммен барлық төрт есріткі сатушы 15 жыл екі айға бас бостандықтарынан айырылды, сондай-ақ оларға қатысты мүлкін тәркілеу жазасы да қолданылған. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.