АСТАНА, 20 жел — Sputnik. Өсімдік есірткісінің ірі партиясы Астанадағы гараждардың бірінен табылды деп хабарлады елордалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомство мәліметінше, 18 желтоқсан күні полицейлер 39 жастағы күдіктіні есірткі сақтағаны үшін ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады.
Есірткіні, дәлірек айтқанда, 13 килограмм гашишті Шақпақ көшесіндегі үйдің гаражынан тапқан. Сонымен қатар, Линда лақап атты қызметтік овчарканың көмегімен 23 килограмнан астам марихуана тығулы жатқан жерінен табылған. Алынған есірткінің жалпы салмағы 37 килоргамды құрайды.
Аталмыш факті ҚР ҚК 296-бабы бойынша (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) сот алды тергеу жұмыстарының бірыңғай реестрінде тіркелді.