Оқиға

Бигелді Ғабдуллин сотта сөз сөйледі

© Photo : altaynews.kzБигельды Габдуллин
Бигельды Габдуллин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"CentralAsiaMonitor" басылымының бас редакторы Бигелді Ғабдуллин жасаған ісіне өкінетінін айып, соттан қылмыстық жауапкершіліктен босатуды сұрады

АСТАНА, 23 қаң – Sputnik  Бигелді Ғабдуллин сот жарыстары барысында жасаған әрекеттері үшін өкінетінін айтып, сөз сөйледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Өз сөзінде Ғабдуллин камерада өткізген күндерінде өз өмірін қайта қарап шығып, жіберген қателерін түсінгенін айтты. 

Қылмыстық істер - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Бигелді Ғабдуллиннің ісі: танымал есімдер көп

"Зорлық жасаған қаскөйлер мен адам өлтірген, ұрылар мен алаяқтардың арасында отырып, мен бүкіл өмірімді қайтадан қарап шықтым. Журналистикаға арнаған 36 жылдың ішінде бес бұқаралық ақпарат құралын құрып, алты республикалық газетті басқардым. Мыңдаған мақалалар жазып, көптеген сыйлыққа ие болған кітап шығардым. Суық әрі дымқыл камерада жатып, мен 2016 жылдың жұмысын тағы бір мәрте ой елегінен өткіздім. Жұмыс істемейтін адам ғана қателеспейді. Менің өз қарамағымдағы басылымдарға мемлекеттік ақпараттық тапсырысты ұлғайтуға деген заңсыз әрекеттерімді дұрыс түсінесіздер деп ойлаймын. Мен ол басылымдардың қаржылық жағын ғана ойладым.. Мен, өз талаптарыммен заңды өрескел бұзып, шектен шығып, қылмыстық кодекс күшіне енетін тысқа өтіп кеткенімді түсіндім"- деді Ғабдуллин.

Central Asia Monitor  бас редакторы оның жасын және кәмелеттік жасқа толмаған екі баласының барын ескеріп, қылмыстық жазадан босатуды сұрады. 

"Мен шын жүрегімнен жасаған ісіме өкінемін және мені қылмыстық жауапкершілік пен жазадан босатуыңызды сұраймын. Қылмысты алғаш рет жасап отырғанымды, кәмелеттік жасқа толмаған екі баламның бар екенін, шығынды толығымен өтегенімді, маған шағымданғандардың мені босатуды сұрап отырғандарын ескерулеріңізді сұраймын", — деп түйді Ғабдуллин.  


Жаңалықтар
0