Қоғам

Прокурор Бигелді Ғабдуллинді бес жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесуді сұрады

© Sputnik / Виталий Белоусов / Медиабанкке өтуСот залы
Сот залы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекеттік айыптаушы Бигелді Ғабдуллинді бас бостандығынан айыруды сұраған жоқ

АСТАНА, 23 қаң — Sputnik. Айыптаушы тарап соттан Central Asia Monitor газетінің бас редакторы мен radiotochka.kz сайтының директоры Бигелді Ғабдуллинге бес жылға бас бостандығын шектеу үкімін шығаруды сұрайды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі сот залынан.

Қылмыстық істер - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Бигелді Ғабдуллиннің ісі: танымал есімдер көп

Дүйсенбі 23 қаңтар күні танымал қазақстандық тілші Бигелді Ғабдуллин ісі бойынша сот талқылауы екі жақтың пікірсайысына ұласты.

Айыпталушы тарап Ғабдуллиннің төрт мемлекеттік органнан ақшалай қаражат бопсалағаны дәлелденді деп санайды.

"Қамауға алмайтын жаза берілуі мүмкін. Ғабдуллин бес жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілсін, мүлкі тәркіленбесін. Сот залынан босатылсын", — деп оқыды прокурор Айтжанов.

Үкім сейсенбі 24 қаңтар күні сағат 16:30-да шығарылады. 

Жаңалықтар
0