АСТАНА, 23 қаң — Sputnik. Сирия бойынша келіссөздерге 400-ге жуық шетелдік және 100-ден астам қазақстандық БАҚ қызметкерлері аккредитациядан өткен. Бүгінгі күн ұзақ әрі қарбалас болмақ, сол себепті маңызды оқиғалар арасындағы үзіліс кезінде барлық қатысушылардың демалып, жүрек жалғап алуы өте маңызды.
Сағат 10.30-да, кездесуге бірнеше сағаттар қалған кезде тілшілерді қызықтыратын сұрақтар қойылған баспасөз мәслихаты өтті, содан кейін кофе-брейк кезінде БАҚ өкілдері жүрек жалғап, алған әсерлерімен бөлісуге мүмкіндік алды.
Sputnik Қазақстан тілшісі хабарлағандай, тілшілерге Қазақстанда өсірілетін тәтті алмалар ұсынылыпты. ҚР-да өтетін іс-шараларға келген қонақтарға алмалардан ауыз тигізу елімізде дәстүрге айналған. Екі апта бұрын Универсиада-2017 жарысына келген қатысушыларды шекарашылар атақты апорт алмасымен қарсы алған болатын.
Delegates,journalists are treated big read Kazakh #apples at #AstanaTalks on #Syria as bilologists confirm apple originates from #Kazakhstan pic.twitter.com/mt5RjFc5xF
— MFA Kazakhstan (@MFA_KZ) 23 января 2017 г.