АСТАНА, 23 қаң — Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Сирия бойынша келіссөздердің сириялық дағдарысты шешуге септігін тигізуіне үміт артатындығын мәлімдеді.
ҚР СІМ басшысы атап өткендей, бұл кездесу оң нәтиже беруі үшін Қазақстан билігі қатысушыларға жан-жақты қолдау көрсетеді.
"Сирия халқы күткен алға ілгерілеушілікке қол жеткізу мақсатында бұл мүмкіндікті пайдалануға тиіспіз. Қазақстан президенті мен халқы осы игілікті мақсатқа толықтай ат салысады. Бұл кездесулердің сириялық дағдарысты шешуге жылт еткен сәуле түсіретініне үміт артамыз", — деді Әбдірахманова кездесудің ашылу салтанатында.