Экономика

"Газпром" Қазақстанда 13 млрд текше метрге жуық газ сатып алады

Жазылу
Ресейлік "Газпром" қазақстандық газды сыртқы нарыққа шығаратын негізгі таратушы болып саналады

АСТАНА, 23 қаң — Sputnik. "Газпром" халықтық акционерлік қоғамы биыл Қазақстанда 13 миллиард текше метрге жуық газ сатып алады деп хабарлады "ҚазТрансГаз" АҚ баспасөз қызметі

"Астана қаласында өткен "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ мен "Газпром" ЖАҚ арасындағы келіссөздер қорытындысы бойынша 2017 жылы қазақстандық газ жеткізу көлемі келісілді, ол  12,8 млрд. текше метрден астамды құрайды", — делінген қазақстандық компания хабарламасында.

Мұнай алу - Sputnik Қазақстан
Экономика
"Еврохим" Қазақстанда бірнеше мұнай-газ учаскелерін сатып алды

Қазақстандық тараптың айтуынша, "Газпром" ЖАҚ және "ҚазТрансГаз" АҚ жыл сайын экспортталатын газ көлемін арттырып келеді. Отандық газ саласы үшін 12,8 млрд. текше метр  көлемде газ экспорты туралы уағдаластық стратегиялық маңызды болып табылады.

"Қазақстан мен Ресей арасындағы бұрын қол жеткізілген үкіметаралық келісімдерді іске асыру, сондай-ақ өзара іс-қимылды ұйымдастыру мақсатында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен «Газпром» ЖАҚ дәстүрлі бірлескен консультациялар жүргізеді және ұзақ мерзімді кезеңге ынтымақтастықтың негізгі ұстанымдарын айқындайды", — дейді "ҚТГ" баспасөз қызметі.

Бүгінгі күні газ бойынша Ұлттық оператор ретінде қызмет атқаратын ҚазТрансГаз тауарлық газға ішкі сұранысты толықтай қамтамасыз етіп, экспорттық әлеуетті арттыруда және отандық газ тасымалдау инфрақұрылымын дамытуға күш салып отыр.

Жаңалықтар
0