АСТАНА, 27 қаз — Sputnik. Әлемдегі алдыңғы қатарлы агрохимиялық компаниялардың бірі "Еврохим" Қазақстанда бірнеше мұнай-газ учаскелерін сатып алды деп хабарлайды РИА Новости компанияның бас директоры Дмитрий Стрежневке сілтеме жасап.
"Біз мұнай және газбен белсенді түрде айналысып жатырмыз. Қазақстанда учаскелер сатып алдық. Сондай-ақ Ресейде – Саратов, Уренгой және Астраханьда үш лицензияға қол жеткіздік. Күкіртті нысанға ала отырып, мұнай мен газды геологиялық барлаумен айналысамыз. Геологиялық барлауды дамыту жоспарымызда бар – не жаңалық ашамыз, не Уренгойдағы сияқты қордың өсіміне қол жеткіземіз", — деді Стрежнев геологтардың VIIІ съезінде.
Оның айтуынша Уренгой кен орнындағы компания қоры газ бойынша 40 миллиард метр кубтан 60 миллиардқа дейін артқан. "Ашылуларды күтеміз, қазір жаңа кен орнының ұңғымаларын сынап жатырмыз", — деді ол.