Өңірлер

Ақмола облысында панасыз әйел үсіп өлді

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуҚыс
Қыс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Үсіп өлген әйелдің денесі жеке үй ауласынан табылды

АСТАНА, 23 қаң — Sputnik. Ақмола облысында тұрғылықты баспанасы жоқ әйел адам үсіп қаза тапты деп хабарлайды құқық қорғаушы органдар Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Қыс - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Ақмола облысында екі адам суық өтіп қаза тапты

Целиноград ауданының полициясына Жалғызқұдық ауылының тұрғыны хабарласқан. Ол таңертең өз ауласында қаза тапқан әйелдің денесін тауып алыпты.

Тексеру барысында әйелдің денесінен зорлық-зомбылық белгілері табылған жоқ. Бастапқы болжам бойынша, 46 жастағы әйел өлімінің себебі – ағзаның жалпылама суықтауы, сараптама тағайындалған. 

Жаңалықтар
0