Оқиға

Ақмола облысында екі адам суық өтіп қаза тапты

© Sputnik / Владимир Вяткин / Медиабанкке өтуҚыс
Қыс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ақмола облысында суық өтіп қаза тапқан екі адамның өлімі дерегі бойынша сараптама тағайындалды

АСТАНА, 16 қаң – Sputnik. Ақмола облысында бір тәулік ішінде ер адам мен әйел адам суық өтіп көз жұмды деп хабарлады ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Героин - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Ақмола облысында овчарка полицейлерді есірткі сақталған үйге кіргізбеген

Ақсу ауылында 15 қаңтар күні көшеде жаяу жүргіншілер 1975 жылы туылған үйсіз-күйсіз әйел адамды тауып алды. Оны полиция бөлімшесіне жеткізген, алайда жедел жәрдем келгенше, әйел адам қаза тапқан. 

Екінші оқиға Целиноград ауданында болды. Шалқар аулының шетінде 1963 жылы туылған жергілікті тұрғынның денесі табылды. 

"Екі оқиғада да өлімнің бастапқы себебі – ағзаның қатты тоңазып кетуі. Мүрделер мәйітханаға жіберілді, сараптама тағайындалған", — деп қорытты агенттікке сұхбат беруші.

Синоптиктердің мәліметінше, бұл күндері өңірде ауа температурасы 20 градус аяз. 

Жаңалықтар
0