Өңірлер

Павлодар облысында орманшы заңсыз ағаш кескені үшін ұсталды

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуКесілген шырша
Кесілген шырша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Павлодар облысында заңсыз ағаш кескені үшін орманшы мен жергілікті тұрғындар ұсталды

АСТАНА, 23 қаң — Sputnik. "Ертіс-Орманы" Бауыртал орманшылығы бас инспекторы заңсыз ағаш кесіп, ұрлағаны үшін ұсталды деп хабарлайды Павлодар облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Балта - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Павлодар облысында ер адам балтамен полицейге тап берді

Полиция мәліметінше, рейд барысында орман массивінде ағаштардың заңсыз кесілгендігі анықталған, бірақ кесілген ағаш діңдері жоқ болып шықты.

Күдік бойынша Бауыртал орманшылығының 48 жастағы мемлекеттік инспекторы ұсталды, ол өзіне сеніп тапсырылған ормандарды қорғап, күзетудің орнына ауылдастарымен бірігіп 14 қарағайды кесіп алған. 

Сонымен бірге, Ертіс ауданы аумағында ағаштардың заңсыз кесудің екі фактісі анықталды.

ІІД берген мәліметке сүйенсек, ұсталған азаматтар жасаған ісін түгелдей мойындады. Олар мұндай әрекетке үйде жағатын отын болмағандықтан барғандығын айтып ақталған. 

Қазіргі уақытта барлық фактілер бойынша ҚР ҚК 340 бабына (Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау) және ҚР ҚК 187 бабына (Ұсақ-түйек жымқыру) сәйкес сот алды тергеу жүргізілуде. 

Жаңалықтар
0