Өңірлер

Павлодар облысында ер адам балтамен полицейге тап берді

© Photo : РixabayБалта
Балта - Sputnik Қазақстан
Жазылу
53 жастағы ер адам бөлімше инспекторының иығынан балтамен бір ұрып, қызметтік көліктің терезесін сындырды

АСТАНА, 11 қаң — Sputnik. Павлодар облысындағы ауылда төбелес шықты деген хабар бойынша келген полицейді ер адам балтамен ұрып өлтіре жаздады деп хабарлайды облыстың ІІД баспасөз қызметі.

Тапанша - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Павлодарда атысқан адамдар ұсталды

Железин ауданы ЖПҚ бөлімше инспекторының ұялы телефонына Жаңажұлдыз ауылының кәмелеттік жасқа толтамаған тұрғыны хабарласып, үйінде төбелес болып жатқандығын айтқан.

Хабар бойынша келіп жеткен полицей үйде екі ер адамның қақтығысып жатқанын көреді. Оларды ақылға шақырып, тоқтатпақ болған кезде, үйдің иесі – 53 жастағы ауыл тұрғыны – балтаны ұстап, полиция қызметкеріне, отбасына қоқан-лоққы көрсеткен. 

"Жағдайдың ушығуына байланысты полицей жанжолқойды тоқтату үшін қосымша құралдарға жүгінуге бел байлап, қызметтік көлікке беттейді. Соңынан үй иесі атып шығып, әуелі көліктің терезесін бір ұрып сындырады да, кейін полицейдің оң жақ иығынан балтамен соққы жасайды", — деп хабарлайды ІІД.

Полицей самбо әдісін пайдаланып, жанжалқойды тоқтатқан, содан кейін оны полиция бөлімшесіне жеткізді.

Бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған күдіктіге қатысты отбасы-тұрмыстық жанжал дерегі ресімделді, сондай-ақ ҚР ҚК 380 бабы, 1 бөлігі бойынша қылмыстық іс тергелуде. 

Жаңалықтар
0