Өңірлер

Жексенбі күні Қазақстанда боран соғады

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуБоран
Боран - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның басым бөлігінде қатты жел мен боран соғады деп күтіледі

АСТАНА, 22 қаң — Sputnik. Жексенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде қар, боран, тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді деп хабарлады Қазгидромет.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында желдің екпіні 15-20, кей жерлерде ұйытқуы 23-28 м/с, кей жерлерде боран соғады.

қыс - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Астана және Ақмола облысында дауылды ескерту жарияланды

Алматы облысында желдің екпіні 15-20 м/с, Жалаңашкөл ауданында 23-28 м/с, түнде кей жерлерде – тұман.

Жамбыл, Қызылорда облыстарында кей жерлерде тұман, күндіз желдің екпіні 15-23 м/с.

Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облысында кей жерлерде – тұман, көктайғақ, желдің екпіні 15-20 м/с, Маңғыстау облысында кей жерлерде – боран.

Атырау облысында кей жерлерде – боран, тұман, көктайғақ, күндіз желдің екпіні 15-22 м/с.

Қарағанды облысында кей жерлерде – боран, тұман, көктайғақ, күндіз желдің екпіні 15-23 м/с.

Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында кей жерлерде боран, желдің екпіні 15-20 м/с. Батыс Қазақстан облысында боран соғады деп күтіледі.  

Жаңалықтар
0