АСТАНА, 20 қаң – Sputnik. Демалыс күндері Қазақстанның елордасы мен Ақмола облысында жел күшейіп, бұрқасын күтіледі, деп хабарланады ҚР ІІМ ТЖ комитетінің сайтында.
Синоптиктердің болжамынша, Астана қаласында 21-23 қандарда бұрқасын, 15-20 м/с оңтүстік-батыстан соққан жел күтілуде.
Ақмола облысында 21 қантарда түнде 15-20 м/с оңтүстік-батыстан соққан жел, 21 күндіз, 22-23 қантарда тәулік бойы кей жерлерде 23-28 м/с күтілуде. Кей жерлерде бұрқасын.