Саясат

Қытай Астанадағы Сирия бойынша келіссөздерді қолдайды

© SputnikАстана, бәйтерек
Астана, бәйтерек - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Пекин Астанададағы Сирия бойынша келіссөздер қарулы қақтығысты тоқтатуға көмектеседі деп үміттенеді

АСТАНА, 20 қаң — Sputnik. Қытай Астанада Сирия бойынша келіссөздердің өтуін қолдайды және оның САР-дағы дағдарысты реттеуге септігі тиеді деп үміттенеді деп хабарлайды РИА Новости ҚХР СІМ ресми өкілі Хуа Чуньинге сілтеме жасап.

Сирия - Sputnik Қазақстан
Саясат
Хайдар: Астанадағы келіссөздер ауаны "жағымды емес"

"Қытай тарабы сириялық дағдарысты саяси реттеуге бағытталған барлық әрекетті қолдайды. Астанадағы келіссөздер туралы айтар болсақ, біз бұл кездесу екі жақтың қарулы қақтығысты тоқтатуына септігі тиеді деп үміттенеміз", — деп мәлімдеді Хуа Чуньин брифингте.

Оның айтуынша, Пекин Астанадағы кездесуді женевалық келіссөздерге жағымды әсер ететін толықтыру деп санайды және бұл екі отырыста ілгерілеушілікке қол жеткізіледі деп сенеді.

Жаңалықтар
0