Қоғам

Қылмыскер балаларды оқытатын арнайы мектепті ҚР БҒМ қарамағына беруі мүмкін

© Sputnik / Александр Кондратюк / Медиабанкке өтуКолония
Колония - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алайда ҚР білім министрлігі арнайы мекемедегі қауіпсіздік режимін қамтамасыз етуге дайын емес

АСТАНА, 20 қаң — Sputnik. Шығыс Қазақстан облысындағы кәмелеттік жасқа толмаған қылмыскерлерді оқытатын арнайы мектепті ІІМ қарамағынан білім және ғылым министрлігі бақылауына беру керек деп мәлімдеді әділет министрі Марат Бекетаев.

балалар - Sputnik Қазақстан
Қоғам
БҒМ: Қазақстан балалар үйінде болып жатқан жағдайлар құпия болудан қалады

"Жалғыз балалар колониясын ІІМ қарамағынан білім министрлігі бақылауына беру туралы ойланатын кез келген сияқты. Өйткені түрменің аты түрме. Ересек сотталғандармен жұмыс істейтін адам ертесінде балалармен жұмыс істейді. Немесе керісінше болып жатады. Бұл дұрыс емес", — деді Бекетаев жұма күні отырыста.

"Бұл мектепті БҒМ қарамағына беру туралы мәселе бірнеше мәрте үкімет деңгейінде қарастырылған. Дегенмен осы кезеңде ІІМ құрамында қалтыруға шешім қабылданды. Өйткені ол жерде аса ауыр қылмыс жасаған балалар да бар. Яғни, ол балаларды бақылауды жеңілдетуге болмайды. Өкінішке орай, бұл мектептің оқушыларын девиантты мінез-құлықты арнайы мектептерге беру мүмкін емес", — деді ҚР БҒМ балалар құқығын қорғау жөніндегі комитет бастығы Забира Оразалиева брифингте. 

Жаңалықтар
0