АСТАНА, 20 қаң — Sputnik. Ақтөбе облысы полициясы Ақтөбедегі ІІБ кабинеттерінің бірінде қарт ер адамның көз жұмуы дерегі бойынша қызметтік тергеу жүргізуде деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі жұма күні.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, Михаил Тарасов Бөгенбай батыр көшесіндегі үй ауласында орын алған көлік апаты дерегі бойынша түсініктеме беру үшін Ақтөбе ІІБ жол-патрулдік қызмет батальонының іздеу тобы кабинетіне шақырылған.
"Әкімшілік істің деректеріне сәйкес Тарасов Деу Нексия автокөлігін қағып кеткен соң, көлік апаты болған жерден кетіп қалған. Іздеу тобының қызметкері шақыру себебін түсіндіріп, әкімшілік іс деректерімен таныстырды", — делінген хабарламада.
Полиция мәліметіне сүйенсек, біраздан соң Тарасовтың хәлі нашарлап, дәрігерге дейінгі көмек көрсетілген: жүрегіне тікелей емес массаж жасалып, жасанды тыныс берілген. Тарасовпен бірге кабинетте оның қызы болып, әкесіне алғашқы көмек беруге жәрдемдесіпті.
Тарасовтың көз жұмуы дерегі бойынша қызметтік тергеу жүргізілуде.