Оқиға

Алматыда тіркелуге келген ер адам көз жұмды

© Sputnik / Болат Шайхиновуақытша тіркеу
уақытша тіркеу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ХҚКО-дағы екінші рет болған адам өлімінен соң "Азаматтарға арналған үкімет" созылмалы дертке шалдыққан азаматтардан бұл мекемеге қарбалас уақытта келмеуді сұрайды

АСТАНА, 16 қаң – Sputnik. Дүйсенбі күні Алматы қаласы Алатау ауданында халыққа қызмет көрсету орталығында көз жұмды деп хабарлайды "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі.

Уақытша тіркелу - Sputnik Қазақстан
Қоғам
ҚР-да жыл басынан бері 78 мыңнан астам азамат уақытша тіркелді

Ведомствоның мәліметінше, Құнтақов Жарас Нұркібайұлы 1964 жылы туылған, сағат 09.30-да жұбайымен бірге ХҚКО-на "Азаматтарды мекенжайы бойынша тіркеуге алу" қызметін алу үшін келеді, ол кезде орталықта халық көп болмаған.

Бірыңғай электронды кезек талонын алып үлгерместен, сағат 09.42-де ер адам өзін нашар сезініп, ХҚКО-да кезекші болған медициналық қызметкер оған медициналық көмек көрсетеді. 9.52-де жедел жәрдем келіп жеткенімен, ер адамның өмірін сақтап қалуға еш мүмкіндік болмады.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Жарас Нұркібайұлының қазасына орай туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады", — делінген баспасөз хабарламасында.

Жаңалықтар
0