АСТАНА, 14 қаң — Sputnik. Қазақстанда 2017 жылы екі апта ішінде 78 мыңнан астам адам уақытша тіркеуге тұрды деп хабарлады ҚР ішкі істер министрлігі баспасөз қызметі.
"2017 жылы 13 қаңтарда тұрып жатқан мекенжайы бойынша 30069 адам тіркеуге тұрды, олардың 14523-і тұрақты мекенжайы бойынша, ал 15546-сы уақытша мекенжайы бойынша", — деп хабарлады ведомствода.
7-13 қаңтар аралығында, министрлік мәліметіне сүйенсек, 157778 азамат тіркелді, олардың 79412-сі тұрақты мекенжайы бойынша және 78366-сы уақытша мекен-жайы бойынша.