АСТАНА, 20 қаң — Sputnik. Бопсалағаны үшін айыпталып отырған Radiotochka.kz сайтының директоры және Central Asia Monitor газетінің бас редакторы Бигелді Ғабдуллин ісі бойынша сот үдерісіндегі екі жақтың пікірсайысы дүйсенбі 23 қаңтар күні сағат 15.00-ге шегерілді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі сот залынан.
Сот отырысын кейінге қалдыру себептері айқындалған жоқ.
Бигелді Ғабдуллин ісі бойынша басты сот тыңдауы 17 қаңтарда Астана қаласы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотта басталған еді, прокурор мен жәбірленушілердің өтінішімен тілшілерге аудио, бейне және фото түсірілімдер мен жазбалар жүргізуге тыйым салынды.