АСТАНА, 19 қаң — Sputnik. Италиядағы жер сілкінісі нәтижесінде зардап шеккен қазақстандықтар туралы ақпарат жоқ деп хабарлады ҚР инвестиция және даму министрлігінің туризм индустриясы департаментінің директоры Марат Иғали.
"Қазақстан Республикасының инвестиция және даму министрлігі туризм индустриясы департаментіне зардап шеккен қазақстандық туристтер туралы ақпарат пен түскен жоқ", — деп жазды Иғали Facebook парақшасында.
Ведомство ҚР сыртқы істер министрлігімен үнемі байланыста деп атап өтті ол.
"ҚР ИДМ туризм индустриясы департаменті Италиядағы қазақстандық туристтерді сабырлық сақтап, жергілікті билік өкілдерінің нұсқауын тыңдауға шақырады", — дейді Иғали.