АСТАНА, 19 қаң – Sputnik. Италияда қонақ үйді көшкін басты, бұл кезде қонақ үйде 30-ға жуық адам болған, олардың барлығы дерлік қаза тапты, деп хабарлайды РИА Новости Рейтер агенттігіне сілтеме жасай отырып.
ТЖ сәрсенбі күні кешке орын алды. Қатты жер сілкінісімен қоздырылған болуы мүмкін көшкін Rigopiano di Farindola қонақ үйін толық басып қалды.
Ауыр метео жағдайларға байланысты құтқарушылар бірнеше сағат бойы қонақ үйге жете алаған.
Құтқарушылардың алғашқы тобы қонақ үйге шамамен 04.30-да (Астана уақытымен 09.30) келіп жекен. Құтқару операциясы нәтижесінде қар астынан екі адам шығарылды.