Қоғам

ҚР ақпарат министрлігі жасырын интернет пікір білдірушілерінен арылудан айныды

Жазылу
"Ақпараттық соғыстарға" жол бермеу үшін Желідегі әр пікір білдірушіні аутентификациялау ұсынылған.

АСТАНА, 19 қаң – Sputnik. ҚР ақпарат және коммуникациялар министрлігі талқыланып жатқан заңнамалық түзетулерден тек ұялы байланыс нөмірін енгізгеннен кейін Желіде пікір қалдыруға рұқсат беретін  норманы алып тастады, деп хабарлады ведомство басшысы Дәурен Абаев. 

Ғаламтор - Sputnik Қазақстан
Қоғам
ҚР Бас прокуратурасының сайтына күдікті тұлғалар туралы хабарлауға болады

Қазіргі уақытта Қазақстанда "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне министрлік ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жабасы талқылануда. Аталған нормалар сайтта пікір қалдырғысы келген интернет портал пайдаланушыларын смс-хабарламалар арқылы аутентификация процедурасынан өтуді міндеттеуді көздеген. Бұл тәжірибе "ақпараттық соғыстардың" алдын алуға ықпалын тигізеді деп атап көрсетілген. 

Дәурен Абаев ведомствосының ақпарат және коммуникациялар мәселелеріне қатысты заң жобасы бойынша түрлі алаңдарда қоғамдық талқылау өткізіп жатқанын атап көрсетті.  

"Талқылаудың барлық кезеңінде қатысушылар айрықша назар аударған нормалардың бірі жасырын пікір қалдырушылардың алдын алу (деанонимизация) мәселесі болды. Атап айту керек, бұл норма троллингке, тексерілмеген ақпараттарды тарату мен арандатуға, экстремизмді насихаттау мен әлеуметтік жанжалдарға шақыруға қарсы күреске бағытталған еді", — деп жазды Абаев өзінің Facebook желісіндегі парақшасында.

"Сонымен қатар, жұмыс тобы отырыстарының шеңберінде сарапшылар мен журналистер тарапынан блогерлерді тіркеу ұсынысына қатысты да көптеген ескертпелер түсті.

Біз бұл нормада желідегі танымал қолданушылардың БАҚ-пен теңестірілуін және бұл процестің ерікті түрде атқарылуын қамтамасыз етуді көздеген болатынбыз.

Министрлік барынша ашықтықты ұстанғандықтан және қоғамның әрбір ұсынысын ескеруді жөн көргендіктен, бүгін жоғарыда аталған нормаларды Заң жобасынан алып тастау жөнінде шешім қабылданды", — деп түйді Абаев. 


Жаңалықтар
0