АСТАНА, 13 қаң — Sputnik. ҚР Бас прокуратурасы сайтында арнайы бөлім пайда болды, сол арқылы қазақстандықтар күдікті тұлағалар туралы өз аты-жөнін көрсетпей хабарлай алады деп мәлімдеді ведомство баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің мәліметіне сүйнесек, қолданушылар арнайы бланкті толтырып, терроризм мен экстремизм көрінісі туралы хабарлама қалдыра алады.
Хабарламаға айғақтарды да қоса тіркеуге болады, мәселен фотосуреттер, скриншоттар, бейне немесе аудиожазбалар.
Сайт арқылы жұмыс орнына немесе тұрғын үйде жаңадан пайда болған, жұрттың назарынан тысқары жүруге тырысатын күдікті тұлғалар мен есірткі, қару-жарақ, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғылардың заңсыз айналымына қатысы бар тұлғалар туралы ақпарат беруге болады.
Бұдан бөлек, ғаламтор, электронды және басылымдық БАҚ арқылы экстремизм, терроризм және ұлтаралық, нәсіларалық, діни алауыздықтарды насихаттайтын адамдар туралы хабарлау мүмкіндігі бар.
Ведомство жылжымайтын мүліктерге, ғимараттың кіреберісіне, көліктік құралдарға жазба, граффити немесе тағы да басқа заңға қайшы насихат материалдарын, оның ішінде әлеуметтік, нәсілдік немесе діни алауыздықты қоздыратын үндеу қалдырғандар туралы айтып беруді де сұрайды.
Сонымен қатар, бұл бөлімде экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл саласына қатысты идеялар мен ұсыныстарды жазып қалдыру мүмкіндігі де қарастырылған.