АСТАНА, 19 қаң – Sputnik. Алматы-2 темір жол вокзалының станциясында жолаушылар вагонының өртену салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, деп хабарлады Алматы ТЖ департаментінің ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.
19 қаңтарда сағат 08:40-та 101 пультіне Алматы-2 темір жол вокзалы стансасында запастағы жолда реттеу үшін қойылған жолаушылар вагонынан өрт шыққаны туралы хабар түсті. Алғашқы өрт сөндіру қызметі оқиға орнына келіп жеткен кезде жеке тұрған вагонның қатты түтіндеп жатқаны байқалды. Өрт сөндірушілер вагонда адам қалып қоймағанын анықтап шықты. Өрт 9:10-да толығымен сөндірілді. Өрт аумағы 20 шаршы метрді құрады.
Алдын ала болжам – көмірмен жанатын пешті қараусыз қалдыру.