Оқиға

Өрт сөндірушілер Алматыда өртенген мейрамханадағы жарылыстың алдын алды

© Sputnik / Сергей КимӨрт сөндіруші
Өрт  сөндіруші - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өрт аумағы бес шаршы метрді алды

АСТАНА, 16 қаң – Sputnik. Алматы қаласы Медеу ауданында "Red Dragon" мейрамханасында өрт шықты деп хабарлайды қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент баспасөз қызметі.

Дүйсенбі күні сағат 08.55-те өрт сөндіру бөлімшесіне қоңырау келіп түсті.Өрт сөндірушілер бірден аттанып, оқиға орнына сегіз минутта жетті.

"Ғимарат түгелдей түтінге оранған екен. Өрт сөндірушілер ғимаратта қалып қойған адамдарды іздеп шықты. Сонымен қатар, тұтану ошағын анықтау шарасы да жүргізілді. Көлемі елу литр алты газ баллон эвакуацияланды", — Алматы ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова. 

Түтінге оранған ғимаратта адамдар болған жоқ. Өрт аумағы бес шаршы метрді алды. От-жалын мейрамхана сорғышының электр қозғалтқышын да шарпыған. 

Жаңалықтар
0