Оқиға

Нанаевтың ісі: баскетболшының досы сотта куәлік етті

© Sputnik / Елена БережнаяИгорь Нанаевтың досы
Игорь Нанаевтың досы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Іс бойынша жәбірленуші ретінде өтіп жатқан, түнгі клубтың маңындағы төбелесте қаза тапқан Игорь Нанаевтың досы сол күнгі оқиғаның мән-жайын айтып берді.

АСТАНА, 19 қаң – Sputnik. Елена Бережная. Петропавлда 2016 жылғы қазанда түнгі клубтың маңында аса қатыгездікпен өлтірілген баскетболшы Игорь Нанаевтың өліміне қатысты аты шулы іс бойынша екінші сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі сот залынан. 

Тағдыр әкетпек болды, бірақ әкетпеді

Игорь Нанаевтың досы және іс бойынша жәбірленуші Александр Антропов сотта куәлік етті. Антропов — баскетболшы, бала кезінен баскетболмен айналысады, алты жылға жуық уақыттан бері кәсіби командада ойнайды. Игорь Нанаевпен олар бұрыннан таныс болған, он жылдан астам уақыт бойы. Олар бір командада ойнап қана қоймай, жақын дос болған, бос уақыттарын бірге өткізген, Алматы, Қостанай командалары үшін ойнаған кезде, олар тіпті екі жылдай бір үйде тұрған.  

Петропавл өлтірілген баскетболшы Наневпен қоштасты - Sputnik Қазақстан
Спорт
Петропавл өлтірілген баскетболшы Нанаевпен қоштасты

"Сол күні біз төртеуміз —  Игорь Нанаев, Даниал Кузнецов және оның құрбысы Дарьямен бірге  "Парк Сити" ойын сауық кешеніне бардық. Біз сол жерде студентік кештің болатынын білдік, өзіміз таяуда ғана студенттер болғандықтан, бізге ол қызық көрінді", — деп атап өтті Антропов. 

Оның сөзіне қарағанда, сол түні тағдыр клубқа барудан әкеткендей болған. 

"Біз ұзақ күмәндандық, барамыз ба, жоқ па деп. Алдымен жиналдық, одан кейін бірнеше рет қайтып бармайтын болдық. Сосын баруды ұйғардық… Біз онда бірден кіре алмадық, өйткені Игорьдің өзімен бірге жеке куәлігі болмаған. Сондықтан оны күзетші кіргізбеді. Сосын біз екеуміз таксиге мініп, оның куәлігін алып келдік… Біз алғаш рет бұл қалада сыртқа шыққан болатынбыз", — деді Антропов. 

Достар клубқа сағат түнгі бірлерде келіп, бар тұрағында отырып, вискимен бір-бір бокал коктейль, төртеуі бір шөлмек 0,5 литр арақ ішіп, билеген. 

Соққыға жығылған баскетболшы Игорь Нанаев - Sputnik Қазақстан
Оқиға
ІІД: баскетболшы Нанаев соққыға жығу емес, төбелес нәтижесінде қаза тапты

"Сосын мен темекі шегуге сыртқа шығып, бір топ жігітті көріп, олардың жанына барып, темекі сұрадым. Олардың жанында екі қыз тұрған, мен оларды танитынмын. Біз университетте жаттығуларда жолығатынбыз. Мен олардың есімдерін де білмеймін. Олармен сөйлесіп кетіп, бір екі қадамға ары шегіндік. Жаттығулар, ортақ бапкер туралы сөйлестік. Сосын сырттан бақылап тұрған олардың жанында болған жігіттер – Әскеров пен Меңдібаев – олардың қыздарының жанында тұрғаныма өздерінің наразылықтарын білдіре бастады. "Ол  менің қызым! Неліктен сен оған тиісіп жатсың…", — деді Меңдібаев. Мен: "Тиісіп жатқан жоқпын, біз жәй ғана әңгімелесіп тұрмыз", — дедім. Қыздар да растады. Бәрі дұрыс, біз таныспыз. Жәй әңгімелесіп тұрмыз деді. Бірінші мен Әскеровпен сөйлестім, ол дауды шешуге тырысты. Бірақ Меңдібаев ашуға булықты. Содан кейін Қайбаров келіп, маған дөрекі сөйлей бастады. Олар үшеуі тұрып, маған сес  көрсетті. Өздерін дөрекі ұстап, сосын Қайбаров менің бетімнен бір соқты", — деді жәбірлеуші. Одан кейін ол клубқа кіріп болған оқиғаны достарына айтып берген. 

"Достарыңызға айтпас бұрын, сіз дау туралы клубтың күзетшісімен сөйлестіңіз бе?", — де сұрады Антоповтан процессуалдық прокурор Азамат Жансеитов. 

"Жоқ, мен бірден достарыма барып, мені жайдан-жай ұрғанын айттым. Біз бәріміз далаға шықтық… Біз олармен байланысқымыз келмеді, біз далаға сөйлесу үшін ғана шықтық. Біз адекватты адамдармыз, тіліміз бар, дауды жұдырықсыз шеше аламыз. Мені не үшін соққанын біліп алғым келді. Және дөрекі адамдардың жанында жалғыз болғым келмеді. Бірақ жігіттер істегендерін істеді", — деді Антропов. 

"Қалай істеді?", — деп нақтылады прокурор. 

"Жан-жаққа бөліп тастап соққыға жықты… Алдымен мен Әскеровпен шетке шықтым. Ол маған: "Дауласпай-ақ қояйық, бізге мұның қажеті жоқ", деп, ол дауды басуға тырысты. Мен онымен келісіп: "Мен сендермен жанжалдасқан жоқпын, сендер бастадыңдар", — дедім. Сосын біздің жанымызға адамдар жиналып, олардың арасында Еламан мен Мақатов болды. 

"Саня, көмектес! Олар маған жабылып жатыр!"

Антроповтың атап өтуінше, бұл уақытта Нанаев пен Кузнецов артта тұрған.

"Мен оларға сонда қалыңдар дедім. Менің жалғыз емес екенімді білсін дедім. Мен өзім шешіп алар едім дауды. Мен ол жерде не болғанын көрмедім, өйткені Аскеровпен сөйлесіп тұрдым. Бірақ белгілі бір уақыттан кейін мен Игорьдің дауысын естідім. "Саня, көмектес! Маған жабылып жатыр!", — деді. Мен бұрылып, Игорьдің артқа қарай бір-екі қадам жасағанын көрдім. Оның жанында Қайбаров, Меңдібаев тағы алты-жеті адам болды. Мен Игорьге қарай бара жаттым, бірақ менің артымнан бірнеше рет желкемнен, басымнан соқты. Мен кімнің ұрғанын көрмедім. Мен кеңістікті жоғалтып алдым, аяғыма отырып, басымды қолыммен жаптым. Сосын мені тебе бастады. Бірнеше қат соққы алдым… Мен өзімді нашар сезіндім, басым айналып, есеңгіреп қалдым", — дейді жәбірленуші. 

Антропов есін жиғанда көп адамдардың жиналып қалғанын есіне алады. 


Жаңалықтар
0