АСТАНА, 18 қаң — Sputnik. "ҚазАгроҚаржы" АҚ-ның екі топ-менеджері төбелес үшін жұмыстан шығарылды, деп хабарлады ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі. Төбелескен сәті түсірілген бейне БАҚ-та жарияланған.
Ведомствоның мәліметінше, 2016 жылы 15 желтоқсанда орын алған оқиғадан кейін, қызметтік тексеру жұмыстары жүргізілген. Тексеру барысында анықталғанындай, "ҚазАгроҚаржы" АҚ басқарма төрағасының орынбасары мен департамент директоры арасындағы дау жеке себептерден туындаған және олардың лауазымдық міндеттерімен, компания қызметімен байланысты болмаған.
Болған оқиға Акционерлік қоғамның Ұжымдық этика кодексін бұзу деп бағаланып, қызметкерлер атқарып келген қызметтерінен босатылды.