Саясат

Тінікеев аты шулы бейнеден кейін депутаттық өкілеттігінен бас тартты

Жазылу
Мәжілісмен Мұхтар Тінікеев бұл оқиғаның өзіне сабақ болғанын мәлім етті

АСТАНА, 27 жел — Sputnik. Мәжілісмен Мұхтар Тінікеев әлеуметтік желіде таралған бейне жазбамен байланысты даудан кейін депутаттық өкілеттігінен бас тартты. 

төбелес - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қазнетті шулатқан бейне: мәжілісменге ұқсайтын ер адам балағат сөздер айтып жатыр

20 желтоқсан күні әлеуметтік желіде аты шулы бейнежазба пайда болды, бір-бірін балағаттаған ер адамдардың бірі мәжіліс депутаты Мұхтар Тінікеевке қатты ұқсайды. Кейінірек Тінікеев бұл оқиғаны қалжың деп атап, бейнежазбадағы адамның өзі екенін мойындады.

Бейне жазба жарияланғаннан кейін, халық қалаулысы ауруханаға түсіп, мәжіліс отырысына қатысқан жоқ.

Сейсенбі, 27 желтоқсанда мәжілістің баспасөз қызметі депутаттық этика жөніндегі кеңесте Тінікеевтің іс-әрекеті қаралғандығы туралы хабарлады. 

"Мен барлық сайлаушылардан, барша қазақстандықтардан менің кәсіби әрекетіммен байланысты емес жағдайда орын алған әдепсіз әрекетіме қатысты оқиға үшін шын жүректен кешірім сұраймын. Мен парламент мәжілісі депутаты өкілеттігінен бас тарту туралы шешім қабылдадым", — делінген Тінікеевтің үндеуінде.

© Photo : ҚР парламентінің сайты Мұхтар Тінікеевтің үндеуі
Мұхтар Тінікеевтің үндеуі  - Sputnik Қазақстан
Мұхтар Тінікеевтің үндеуі

Мәжілісмен сондай-ақ БАҚ өкілдеріне жүгініп, болған оқиғаға қатысты өкінетінін мәлімдеді. 

"Мен өз әріптестерімді, партияластарымды ұятқа қалдырдым. Бұл мен үшін үлкен сабақ болды", — деп мәлім етті депутат. 


Жаңалықтар
0