Оқиға

Қазнетті шулатқан бейне: мәжілісменге ұқсайтын ер адам балағат сөздер айтып жатыр

© Sputnik / Табылды Кадырбековтөбелес
төбелес - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сейсенбі күні Желінің қазақстандық пайдаланушыларын таң қалдырған бейне әлеуметтік желілерде жарияланып, бірден кең таралып кетті.

АСТАНА, 20 жел — Sputnik. Әлеуметтік желілерде ер адамдардың балағаттасқан жанжалы мен шапалақпен тартып жіберу сәті түсірілген аты шулы бейнеге қатысты қызу талқылаулар жүріп жатыр. Айта кететін жәйт, ер адамдардың бірі Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты Мұхтар Тінікеевке ұқсайды.

Аты шулы бейне әлеуметтік желілерде жарияланып, Қазнет пайдаланушыларын есенгіретіп жіберді. Кадрларға қарайтын болсақ, ішімдікке тойып алған ер адамдар жанжалдасып жатыр.

Төбелеске қатысушылардың бірі мәжіліс депутаты Мұхтар Тінекеевке, екіншісі – Қарағанды мәслихатының депутаты Николай Полевойға ұқсайды. 

"Қатты мас жәбірлеуші Тінікеев басыбайлы депутаттың шашынан тартады. Айтпақшы, сау, әрі таяқ жеген депутат ақша жоқ деп ақталумен әлек", — деп жазады пайдаланушы. 

"Сіздердің қазақстандық парламентарилердің моральдық кейпін түсінулеріңіз үшін. Мәжіліс депутаты Мұхтар Тінікеев қарағандылық мәслихат депутатын соққыға жығып жатыр. Бұл адам 2002 жылдан бастап біз үшін заң қабылдап қана қоймай, "қажымас", әділ мәжілісмен деп танылған. Кез келген бөтен елде мұндай масқарадан кейін депутат қызметінен кетіп, халықтан кешірім сұраған болар еді",- дейді тағы бір пайдаланушы. 

Айта кетейік, бейнеге болжамды қатысушы Мұхтар Тінікеев телефон арқылы әңгімелесуге қол жетімсіз – оның ұялы телефоны күні бойы сөніп тұрды. 


Жаңалықтар
0