АСТАНА, 18 қаң – Sputnik. Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов алты ай ішінде қазақ тілін үйреніп шығуға уәде берді.
"Мәскеуде бес жыл бойы қызмет етіп, туған тілімді ұмытып қалдым. Бірақ алты ай ішінде үйреніп аламын", — деді Сүлейменов тілшілерге сәрсенбі күні мәжіліс отырысынан соң.
Ол, сонымен бірге, министр үшін салыстырмалы түрде әлі жас екендігі туралы ойын білдірді, биыл Тимур Сүлейменов 39 жасқа толады.
"Мен өзімді жас деп санамаймын. Бірақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жастықтың шегін 50 жасқа дейін кеңейтті емес пе. Бұлай есептейтін болсақ, бүкіл министрлер кабинеті жап-жас болып шыға келеді. 22 жасында мамандықты игерген азаматтың мен сияқты 39-ға келгенде 17-18 жыл жұмыс тәжірибесі болады, сол себепті ондай маманды жас деп атауға аузың бармайды", — деді ол.