Саясат

Нығматулин: әкімдер қаржы полициясының "клиенті" атануы мүмкін

© Photo : пресс-служба парламента Республики КазахстанНұрлан Нығматулин
Нұрлан Нығматулин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мәжіліс спикері жемқорлық қаупінің алдын алу үшін "байғұс" ауыл әкімдерін қомақты бюджет пен коммуналдық меншікті басқаруға үйретуді ұсынды

АСТАНА, 18 қаң – Sputnik. Қазақстанның ауыл әкімдерін қомақты қаржыны басқаруға үйретпесе, елдегі жемқорлар саны көбейіп кетуі мүмкін деп мәлімдеді ҚР парламентінің мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Қылмыстық істер - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Бигелді Ғабдуллиннің ісі: танымал есімдер көп

Парламент мәжілісі депутаттары жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері жөнінде түзетулер жобасын бірінші оқылымда қабылдады, бұл жоба жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қаржылық дербестігін кеңейтеді.

"2,5 мың әкімнің қолына бір күн ішінде аяқ астынан 110 миллиард теңге түседі. Бұдан бөлек коммуналдық меншікті басқару қызметі тапсырылғалы тұр. Ал оларды бұған кім оқытып үйретеді? Ешқандай брошюра мен тренингтер, ақпараттық топтар өмірінде мұндай ақшаны, коммуналдық меншікті басқарып көрмеген бейшара ауыл әкімін дайындай алмайды", — деді Нығматулин отырыста.

Мәжіліс спикерінің мәліметінше, әкімдерді бюджеттік үдерістер мен коммуналдық меншікті сауатты басқаруға үйрету керек.

"… Әйтпесе, ауыл әкімдері бұл жұмысқа дайындықсыз кіріскендіктен, жемқорлыққа қарсы қызметтің "клиентіне" айналуы мүмкін", — дейді Нығматулин. 

Жаңалықтар
0