АСТАНА, 18 қаң – Sputnik. ҚХР-да өмір сүретін Басы деген әлемдегі ең жасы үлкен панда 37 жасқа толды деп хабарлайды РИА Новости агенттігі Қытай БАҚ-на сілтеме жасап.
Адам жасымен есептейтін болса, панданың жасы 100-ден асып кеткен.
Басы 1980 жылы Сычуань провинциясындағы Баосин уезінде дүниеге келген, қазіргі уақытта Фуцзянь провинциясы Фучжоу қаласындағы үлкен пандаларды зерттеу орталығының аумағында өмір сүреді.
Қытайдың Орталық телевидениесі хабарлағандай, панданың туған күні құрметіне орталық қызметкерлері арнайы мерекелік торт әзірлеп, Басының көптеген табынушылары сыйлық әкеліпті.