Әлем

Қытайда панда адамға шабуыл жасады

© РИА Новости / Медиабанкке өтуПанда.
Панда. - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ер адам алған жарақатынан емделіп, екі апта бойы ауруханада жатыр

АСТАНА, 30 жел — Sputnik. Қытайдағы Сычуань провинциясында үлкен пандаларды қорғау және зерттеу орталықтарының бірінде бамбук аюы қызметкерге шабуыл жасады деп жазады РИА Новости China News Service агенттігіне сілтеме жасап.

Түйелер - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Түйе үшін соттасқан маңғыстаулықтар

Агенттіктің мәліметінше, 41 жастағы Вэй деген қызметкер Симэй лақап атты  16 жасар панда ұрғашысымен бір вольерде болады. Жануар кенеттен адамға тап беріп, тістелеп, сүйрелей жөнеледі. Ер адамды әріптестері құтқарып қалған. 

Қазіргі уақытта ер адам ауруханада жатыр, жағдайы бір қалыпты. Панданың шабуылы нәтижесінде, ер адамның екі білегі сынып, аяғының сіңірі үзіліп кеткен, сонымен қатар денесінде көптеген жарақаттар бар.

"Панданың қарны аш болды ма, әлде жай ойнағысы келді ме – әлі күнге дейін білмеймін", — дейді Вэй. "Мен оны кешірдім. Осы саланың маманы болғандықтан, жануарлардың қолынан не келетінін білемін", — дейді зардап шегуші.

Жаңалықтар
0