АСТАНА, 17 қаң – Sputnik. Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде жас жігіттің қаза табуына байланысты қылмыстық іс қозғалды деп хабарлады елордалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.
Қайғылы оқиға 14 қаңтарда күндіз сағат 12 кезінде Астана құрылыс алаңдарының бірінде болған. 1993 жылы туылған жас жігіт қаза тапты. Аталмыш факт сот алды тергеулердің Бірыңғай реестріне енгізілді.
"Қазіргі уақытта ҚР ҚК 156 бабы "Еңбектi қорғау қағидаларын бұзу" бойынша сот алды тергеу жүргізілуде", — деді Sputnik Қазақстанға сұхбат беруші.
Тергеу ісі аясында бірқатар қажетті сараптама тағайындалды деп қорытты полиция.
Бұдан бұрын БАҚ-да оқиғаның ЭКСПО-2017 құрылыс нысандарының бірінде болғаны туралы ақпарат жарияланған болатын.