АСТАНА, 8 жел – Sputnik. 41 жастағы Жанпейіс Есенғалиев тұрғын үй құрылысында қаза тапты деп жазады Уральская неделя.
Марқұмның жұбайы Фарида Есенғалиеваның айтуына қарағанда, қалалық мәдениет және демалыс паркі ауданындағы жеті қабатты үй құрылысында жұмысшылар қауіпсіздік құралдарын пайдаланбаған. Жоғарғы қабаттарда қауіпсіздік арқанын қолданбайды екен.
"Лифт шахтасы аралығы қоршалмаған. Оқиға орнын тергеуші қарап шығып, қауіпсіздік ережелерінің бұзылғандығын мәлімдеді. Алайда бүгіннен бастап, құрылыс жұмысшыларының каска киіп жүргенін байқадық, жоғары қабаттарда металл қоршаулар орнатылуда", — деп жазады басылым марқұмның туысының сөздерін дәйек ретінде келтіріп.