АСТАНА, 17 қаң – Sputnik. Алматы әкімі Бауыржан Байбектің пікірінше, 28-ші Қысқы Универсиадаға келген шетелдік қонақтар шағын және орта бизнес өкілдеріне 2 миллиард теңгеден астам кіріс әкеледі.
Әкімшіліктің есебі бойынша, әрбір шетелдік турист Универсиада күндері Алматыда орташа есеппен бес күн болады.
"Global Destination Cities Index бағалауы бойынша, Алматыда шетелдік турист күнделікті 245 доллар жұмсайды. Сол себепті, Алматыда бес күн қонақ болатын шамамен 5 мың шетелдік турист шағын және орта бизнеске 2 миллирад теңгеден астам кіріс әкеледі", — деді Байбек сейсенбі күні үкімет отырысында.
Байбектің мәліметінше, қаланың барлық қызметтері Универсиаданың өтуіне жұмылдырылған.