Қоғам

Алматы оқушыларына Универсиада кезінде қосымша демалыс беріледі

© Sputnik / Анатолий УстиненкоОқушылар
Оқушылар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы оқушылары Универсиада құрметіне қосымша демалады

АСТАНА, 11 қаң — Sputnik. Алматы қаласы оқушыларының Универсиаданы тамашалауға мүмкіндігі болады – оларға 30 қаңтардан 8 ақпанға дейін демалыс жарияланады деп хабарлады Қазақстан білім және ғылым министрілігінің баспасөз қызметі.

"Универсиаданы өткізуге байланысты Алматы қаласы мектептерінде оқитындарға 30 қаңтар мен 8 ақпан аралығында қосымша демалыс енгізу туралы шешім қабылданды", — делінген ведомствоның ресми хабарламасында.

Шымбұлақ - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
"Шымбұлақтағы" жолдардың біраз бөлігі Универсиадаға байланысты жабылды

Министрлік атап өткендей, барлық елде осындай халықаралық ірі әрі маңызы бар жарыстар кезінде осындай шаралар қолданылады. Оның мақсаты – жергілікті оқушылардың жарыстарды тамашалауға баруға мүмкіндігі болып, оларды салауатты өмір салтына баулып, спортты халыққа тарату, оқиғаның бір бөлігі екенін сездіру. Алматыдағы мектеп оқушылары да енді осы оқиғаны тамашалай алатын болды.

Сонымен қатар, Алматы қалалық білім бөліміндегілердің хабарлауынша, бұл қосымша каникул Наурыз мейрамы күндеріне әсер етпейді – 21,22,23 наурызда алматылық оқушылар қазақстандық басқа оқушылар секілді демалады. 24 наурыз бен 1 сәуір аралығында оқушылар оқуын жалғастырып, 1 сәуірде оларға тоқсандық бағалар қойылады.

4 сәуірде 4-ші тоқсан басталады. Бұл өзгеріс Алматыдағы жоғары оқу орындары мен колледждердің сабақтар кестесіне әсер етпейді.

Ведомство берген мәлімет бойынша,  Алматыда 201 мектеп бар, онда 218 мың оқушы білім алып жатыр.

Жаңалықтар
0