Оқиға

МАК комиссиясы Бішкек түбіндегі ұшақ апатын тергеумен айналысады

© Sputnik / Табылды КадырбековБішкек түбіндегі ұшақ апаты
Бішкек түбіндегі ұшақ апаты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бішкек түбіндегі Boeing 747 апатын тергеу бойынша құрылған комиссияда АҚШ, Түркия, Қырғызстан және Мемлекетаралық авиациялық комитет өкілдерді жұмыс істейді

АСТАНА, 17 қаң – Sputnik. Мемлекетаралық авиациялық комитет (МАК) комиссиясы "Манас" әуежайы маңында болған Boeing 747 апатын тергеуге кірісті деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан МАК ресми сайтына сілтеме жасап.

Турар Исмаилов - Sputnik Қазақстан
Әлем
Ұшқыш Бішкек түбіндегі апат туралы: тұманды ғана кінәлауға əлі ерте

"Азаматтық авиация және әуе кеңістігін пайдалану туралы мемлекетаралық келісім және Қырғызстанның авиациялық заңнамасы негізінде авиациялық оқиғаның техникалық тергелуі МАК комиссиясына тапсырылады, бұл жұмысқа Қырғыз Республикасының өкілдері қатысады. Комиссия қызметін бастап кетті", — делінген хабарламада.

Халықаралық құжаттарға сәйкес техникалық Комиссия жұмысына пайдаланушы мемлекет ретінде Түркия өкілдері, сондай-ақ ұшақ пен қозғалтқыштарды жасаушы және құрастырушы мемлекет ретінде АҚШ өкілдері қатысады. 

Жаңалықтар
0