Әлем

Ұшқыш Бішкек түбіндегі апат туралы: тұманды ғана кінәлауға əлі ерте

© Sputnik / Сергей ПетровТурар Исмаилов
Турар Исмаилов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тұман шарттарында ұшақты басқару өте ауыр əрі қауіпті, алайда қара жəшікті ашпай тұрып, Бішкек түбіндегі апатқа қатысты тұжырым жасауға əзірге ерте, деп санайды қырғызстандық ұшқыш Тұрар Исмалиов.

Пилот Исмаилов: вести самолет в тумане очень тяжело
"Ұшқыш ретінде жақсы көрінбейтін шарттарда ұшақ басқару өте ауыр екенін айта алар едім. Әйсе де Boeing-747 әлемдегі ең үлкен лайнерлердің бірі. Ол 200-300 метрлік көру жағдайында да қона алады", — деп мәлім етті Исмалилов Sputnik Қырғызстанға берген сұхбатында. 

Boeing 747-400 жүк ұшағы "Манас" халықаралық әуежайынан 1,5 километрдей жерде апатқа ұшырады. Ұшақ әуежай маңындағы саяжай ауылға құлаған, апат барысында 32 үй қирады. Boeing Гонконг-Бішкек-Стамбул  маршруты бойынша рейсті атқарған. Экипаж құрамында бес адам болған екен. Жалпы құрбандар саны – 37 адам.  


Жаңалықтар
0